Қырғызстанда президент сайлауы өтіп жатыр. Мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу қажеттігі елдің бұрынғы басшысы Сооронбай Жээнбеков 16 қазанда митингілер аясында отставкаға кеткеннен кейін пайда болды.
Қырғызстандық БАҚ-тың хабарлауынша президенттікке үміткерлер мына адамдар:
Садыр Жапаров;
Қанатбек Исаев;
Мықтыбек Арыстанбек;
Клара Сооронқұлова;
Имамидин Ташов;
Әбділ Сегізбаев;
Адахан Мадумаров;
Аймен Қасенов;
Улукбек Кочкоров;
Женишбек Байгуттиев;
Эльдар Абакиров;
Курсан Асанов;
Арыстанбек Әбділдаев
Равшан Жээнбеков;
Бақтыбек Калмаматов;
Бабыржан Төлбаев;
Қаныбек Иманалиев.
2020 жылдың 4 қазанында Қырғызстанда парламент сайлауы өткен болатын. Онда билеуші партия жеңіске жетті, бірақ оппозиция бұған келіспеді. Елде жаппай наразылықтар басталды. Митингіге шыққандар президент әкімшілігі орналасқан парламент ғимаратын басып алды. Осылайша қырғызстандық ОСК сайлау қорытындысының күшін жойды.
Басып шығару