Қытайдың солтүстігінде қазба жұмыстары кезінде ежелгі ғұндарға тиесілі 120 қабір табылды.
Археологтар сегіз қабірді қазып, адамның сүйектерін, темір пышақтарды, қыш ыдыстарды, және құрбандыққа шалынған жануарлардың сүйегін тапты. Қабірлердің бірінен кесе тәрізді 83 темір гүл табылды.
«Сондай-ақ, әшекей бұйымдардан жібек матаның бар екені анықталды, бұл ағаш табыттың бір кездері жібекке оралғанын көрсетеді», - дейді Ішкі Моңғолияның Мәдени археология ғылыми-зерттеу институтының археологы Сун Годун.