21 қазан күні Қырғызстанның президенті және премьер-министрінің міндетін атқарған Садыр Жапаров Мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасы етіп Таштанбек Қаймазаровты тағайындады.
Жаңа жетекші туралы ашық деректерді, сондай-ақ Жапаровтың туыстарының әлеуметтік желілердегі профилдерін талдап шыққаннан кейін, Бішкектің бұқаралық ақпарат құралдары factcheck.kg Жапаров пен Қаймазаровтың құда екенін анықтады.
Мемлекеттік көші-қон қызметі Қырғызстан үкіметіне бағынады. Көші-қон процестерін реттеп, азаматтардың шетелге кетуін және шетелдіктердің елге келуін қадағалайды, сондай-ақ көші-қон саясатын әзірлейді.
Factcheck.kg Жапаровтың мемлекеттік қызметке орналасқан тағы бір құдасын анықтады.Турусбек Түмонбаевты - Қырғызстанның Мемлекеттік тіркеу қызметіне қарасты «Унаа» мемлекеттік мекемесін басқаруға тағайындаған.
Басып шығару