Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин «Россия 1» телеарнасында Таулы Қарабақтағы территория кикілжіңіне қатысты сұрақтарға жауап берді.
«Армения Таулы Қарабақтың тәуелсіздігін мойындаған жоқ. Демек, халықаралық құқықтар негізінде Таулы Қарабақ пен оған қарасты барлық аудандар Әзірбайжан Республикасының жері болған және солай қала береді», - деді ол.
Путин сөз арасындаҰжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ресейді кикілжіңге араласуға міндеттемейтінін айтты.
«ҰҚШҰ Келісімі аясында аталмыш келісімге сәйкес, мүше мемлекеттердің территориясына қауіп төнген жағдайда, одақтас мемлекеттер оған жан-жақты көмектесуі тиіс. Армения жеріне ешкім көз алартқан жоқ, сондықтан, біздің соғысқа тікелей араласуға құқығымыз жоқ», - деді Путин.
Оның айтуынша, Мәскеу тарапы әскери-техникалық келісім негізінде Ереван алдындағы міндеттерін орындаған.
«Армения соғыс алаңында өзін жалғыз сезінбегеніне сіздерді сендіргім келеді. Ресей мұндай келеңсіздікті болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қолданды», - деді Президент.
Сондай-ақ, Путин Таулы Қарабақ туралы мәтінді үш мемлекеттің басшылары бірге дайындағанын, қазір де әлемдегі бейбітшілікті сақтау бойынша жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.
Басып шығару