Оңтүстік Кореяда 16 қазаннан бастап тұмауға қарсы вакцина салдырған 27 адам қайтыс болған.
Елдегі денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ауру профилактикасы мен бақылау орталығының дерегінше, 16 қазаннан бастап бүгінге дейін тұмауға қарсы екпе салдырған 27 адам көз жұмған.
Алғашқы өлім жағдайы Инчхон қаласында 16 қазанда тіркелген. 17 жастағы мектеп оқушысы вакцинациядан қайтыс болған. Содан кейін осындай деректер Сеулде, Кёнгидо және басқа да өңірлерде тіркеле бастаған. Қайтыс болғандардың басым бөлігі егде жастағы адамдар.
Тексеріс кем дегенде екі өлім анафилактикалық шокпен байланысты болуы мүмкін екенін көрсеткен. Бұл ең көп таралған жанама әсерлердің бірі. Шиеленіскен жағдайға байланысты Корея Республикасы Медициналық қауымдастығы вакцинация бағдарламасын бір аптаға, 29 қазанға дейін тоқтата тұруды ұсынған.
Бұл халықтың алаңдаушылығын тудырған.
Басып шығару