Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаһан жұртшылығының үрейін ұшырған коронавирусқа қарсы вакцинаға сынақтамалар жасалып жатқанын мәлімдеді.
Сарапшылар 60 күн бұрын ағзасына инфекция түскен адамдарға вакцина еге бастаған.
«Біз әлемдегі барлық дәрігерлер мен ғалымдарға вакцинаны жүйелі түрде сынап көруге кеңес береміз», - деді ДДҰ-ның Бас директоры.
Өткен жылдың желтоқсанында басталған індет қазір әлемді шарпып барады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы індетті пандемия деп атады.