Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен сөйлесті. Қос президент коронавирустың таралуына қатысты жағдайды талқылады.
Ақорданың баспасөз қызметі Шавкат Мирзиёев Тоқаевтың әрекеттерін қолдайтынын, олардың уақтылы және негізді екенін атап өтті.
Президенттер жоғары деңгейдегі ынтымақтастық және екі ел үкіметтерінің қызметін үйлестіру туралы уағдаласты. Әңгіме барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығы туралы ортақ пікір айтылды.