Чума (Оба)
Аурудың салдарынан 15 миллионға жуық адам қайтыс болып, өлімнің деңгейі 95-99% болды.
Холера
Ондаған миллион адамның зұлматқа ұшырап, пандемия жеті рет өршіді. Соңғы рет ауру 1962-1966 жж аралығында жанданған болатын.
Іш сүзегі (Тиф)
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Ресей мен Польшада шамамен 30 миллион адам іш сүзегімен ауырды, олардың 3,5 миллионы қайтыс болды.
Шешек (Черная Оспа)
Өлімнің деңгейі 40% жетіп, ХХ ғасырда вирус 300-ден 500 миллионға дейін адамның өмірін қиды.
Туберкулез
ХІХ ғасырда туберкулез Еуропа халқының төрттен біріне ажал құштырды. ХХ ғасырда індет 100 миллионға жуық адамның өмірін қиды. Сондай-ақ жыл сайын аталған аурудың салдарынан 2 миллион адам қайтыс болады.
Испан тұмауы - 1918-1920 жылдары бұл ауру 50-100 миллион адамның өмірін қиды.
Азия тұмауы - бұл аурудың салдарынан 1957-1958 жылдары шамамен 70 мың адам қайтыс болды.
Гонконг тұмауы - 1968-1969 жылдары 34 мыңға жуық адам қайтыс болды.
Құс тұмауы - 2003-2008 жылдары шамамен бұл аурудан 360 адам қайтыс болды.
Шошқа тұмауы - 2009-2010 2600-ден астам адам қайтыс болды.