Шуар провинциясы Қорғас экономиканы дамыту коомитетінің кеден басқару мекемесі хабарлайды. 4 наурыз күні Қорғастағы Қазақстан-Қытай бірлескен шекара аймағындағы қызметтестік орталық (сауда қалашығы) жөнінде екі жақтың жауапты өкілдері бірлесіп жиналыс ашты.
«15 наурызда Қорғас халықаралық бірлескен сауда қалашығы (МЦПС) ашылмайды және оның қай уақытта ашылатыны әзірге белгісіз. Қосымша шешімдер болғанда хабарлайтын боламыз. Қорғастағы және МЦПС-тегі қызмет атқаратын барлық кәсіпкерлерден түсіністікпен қарауды сұраймыз», - деп жазылған қызылбасты құжат деп аталатын қызылтаңбалы хабарламада.
Осыған дейін 20 қаңтарда жабылған МЦПС халықаралық бірлескен сауда кәсіпкерлік қалашығы наурыздың ортасына қарай ашылады деген сыбыс болған. Біздің Қазақстан тарапындағы кәсіпкерлік орталыққа 4-5 мың адам өткізіп, қабылдап алып тұрған. Ғимаратттарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын.