АҚШ президенті әйгілі Дональд Трамп 2014 жылы Қырым жағдайына байланысты енгізілген Ресйге қатысты санкцияның мерзімін ұзартты.
Трамптың ойынша, «Ресей Федерациясының үкіметінің саясаты мен әрекеті, Қырым аннексия және Украинада күш қолдануы АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен ішкі саясатына төтенше жағдай туғызуы ықтимал».
«Сондықтан, мен Украинадағы жағдайға байланысты жарияланған 13660-қаулының күшін ұзартуды жөн санадым», - делінген құжатта.
№13660 қаулыға Қырым референдумына дейін, яғни 2014 жылдың 6-наурызында Барак Обама қол қойған-ды.
Еске сала кетейік, Қырым 2014 жылы наурыз айында өткен референдумнан кейін Ресейдің аймағы деп саналды. Ал Украина Қырымды уақытша басқа үкіметке бағынатын өз территориясына санайды. АҚШ пен Еуроодақ та Ресейдің бұл әрекетін құптамады.