Венето аймағындағы Падуа қаласының ауруханасында жатқан 78 жастағы ер адам коронавирустен қайтыс болды. Оның 67 жастағы әйелі де қатты дене қызуымен ауруханаға түсті.
Жергілікті билік аурухананы 5-6 күнге жабу туралы шешім қабылданды. Науқастар медициналық мекемеден анализден кейін ғана шыға алады.
Бұл Еуропадағы коронавирустен болған екінші өлім. Ақпан айының ортасында Францияда ауру диагнозы қойылған бір туристің қайтыс болғаны белгілі болды. Франция денсаулық сақтау министрі Аннез Боузеннің айтуынша, Францияға Хубейден 80 жастағы қытайлық ер адам келген.
Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирустан 2251 адам қайтыс болды. Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының 20 ақпандағы мәліметі бойынша, елде 75465 ауру жағдайы тіркелген. South China Morning Post мәліметі бойынша, барлық елдегі инфекция жұқтырған адамдардың саны 76 806 құрайды.