Қазақстан құс тұмауының тарауына байланысты Украинадан келетін тауық етіне уақытша шектеу қойды. Бұл туралы ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Украинаның Винница облысынан келетін тауық етіне шектеу қойды. Уақытша шектеу 27-қаңтар күні қойылды. Себебі, Украинаның дәл осы Винница облысынан аса қауіпті құс тұмауы вирусы тарап жатыр», - делінген мәлімдемеде.
Сондай-ақ, басқа елдерден Украинаның Винница облысы арқылы өтетін барлық құс өнімдеріне уақытша шектеу қойылған.
«Аталмыш шара Қазақстанға аса қауіпті құс тұмауының тарамауы үшін қолданылып отыр. Егер қатаң шара қолдансақ, елдегі құс өнімдері қауіпсіз болмақ», - деді Құс шаруашылығы одағының президенті Руслан Шарипов.
Айта кету керек, дәл осындай уақытша шектеуді Ресей Федерациясы мен Беларусь те енгізіп отыр.