Қазақстан Республикасының сыртқы қарызы 18 жыл ішінде 12,5 пайызға өсті. 2001 жылдың 1-қаңтарындағы 12 634 600 000 доллар қарыз көлемі 2019 жылдың 1-қазанында 157 750 000 000 долларға жеткен.
ҚР Ұлттық Банкінің мәліметіне сүйенсек, 2006-2007 жылдары сыртқы қарыз 30 600 000 000 долларға, 43 428 500 000 доллардан 74 014 100 000 долларға дейін өскен.
Қарыздың ең қатты шарықтаған уақыты 2018 жыл. Содан кейін сыртқы қарыздардың 8 441 500 000 доллары төленіп, 167 217 900 000 доллардан 158 776 400 000 долларға түскен. Содан кейін 2019 жылдың 1-сәуірінде бұл мөлшер 1 278 400 000 долларға азайған. Арада жыл өтпей жатып қарыз қайта өсті де, бүгінгі күні 157 750 000 000 долларға тоқтады.