Қазақстанның тұңғыш Президенті Түркияның Элазиг және Малатия провинцияларында болған қатты жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандарға көңіл айтты.
«Осы қиын-қыстау кезеңде, мен қаза болғандардың отбасы мен жақындарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тез сауығып, отбасыларына қайтып оралуларына тілектеспін », - делінген жеделхатта.
Еске салайық, 24 қаңтар күні Түркияның шығысында 6,8 баллдық жер сілкінісі болды. 18 адам қайтыс болып, 30-дан астамы үйінді астында қалды, жарақат алған адам саны 225- тен астам.