Иран астанасы Тегераннан көкке қанат қаққан алып әуе кемесі көп ұзамай апатқа ұшырап, борттағы жолаушылар мен экипаж мүшелері түгел жан тапсырған еді.
Украиналық лайнер қателіктің салдарынан зымыран арқылы құлатылған болуы ықтимал. Мұндай күдікті Newsweek америкалық журналға сілтеме жасап бірнеше ақпарат құралдары жариялады.
«Тегеран үстінде апатқа ұшыраған украиналық ұшақ қателесіп жасалған қастандық оны зымыранмен атып құлатқан», - дейді АҚШ-тың ірі шенеуніктерінің бірі, барлау жұмыстарының қайраткері.
Журнал мәліметінше, АҚШ-тың Ирактағы базасына шабуыл жасағаннан кейін Ирандағы зымырандық қару белсенділігін тоқтатпаған. Осы жағдайға қарап ұшақ апатының салдарына күдік келтіруге болады. Бірақ дәл сол мезетте АҚШ-тың Қарулы күштері, Мемлекеттік департаменті, Қауіпсіздік кеңесі ешқандай пікір білдірмеген еді.
«МАУ» әуе компаниясына тиесілі Boeing 737-800 атты украиналық ұшақ Тегеран-Киев рейсінде апатқа ұшырады. Бортта 167 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болған. Барлығы бірдей қаза тапты.