Иран президенті Хасан Роухани министрлер кабинетінің отырысында Касем Сулейманидің өлімін «қолымыз кесілгендей болды» деп бағалады.
Парсы халқының көшбасшысы бұған жауап ретінде АҚШ-тың аяғын кесетінін мәлімдеді.
Вашингтон мен Тегеран арасындағы мәселеден кейін кек қайтару мақсатында ирандықтар Ирак жеріндегі АҚШ-тың әскери базасын екі рет зымыранмен атты.
Ирандық телеарналардың мәліметіне сенсек, бұл қақтығыста 80 адам көз жұмған. Ал америкалық ақпарат құралдары ешқандай адам шығыны болмады деп отыр.