Америкалық әуе компанияларының ұшақтарына Иран, Ирак мемлекеттерінің, Парсы, Оман шығанақтарының үстімен ұшуға тыйым салынды.
Singapore Airlines өз бағыттарын өзгертіп, Иран аспанын айналып ұшуды көздеп отыр.
АҚШ-тың федералды авиациялық әкімшілігі америкалық ұшақтарға, әскерилерден бөлек, Ирак, Иран елдерінің, Парсы, Оман шығанақтарының үстімен ұшуға тыйым салды.
Бұл тыйым Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты жасалып отыр.
«FAA Таяу Шығыстағы жағдайлардың барлығына мониторинг жасап отыр. Біз өз әрекеттерімізді бақылап, ұлттық қауіпсіздікке байланысты серіктестерді және азаматтық авиацияның шетелдік басшыларын ақпаратпен қамтамасыз етеміз», - делінген хабарламада.
Иран аспанын айналып ұшу жоспарын Singapore Airlines әуе компаниясы жүзеге асырып үлгерді. Компания ұшақтарының бағытын анықтап та қойыпты.
Сонымен қатар, Польшаның әуе тасымалымен айналысатын ірі компаниясы да 4-қаңтардан бастап Иран көгінде қанат қағудан бас тартты.
АҚШ пен Иран арасындағы жағдай сәт санап ушығып барады. Бүгін таң ата Иран тарапы екінші соққысын жасап үлгерді. Олар Ирактағы АҚШ-тың әскери базасының елден кетуін талап етуде.