Тоқаев Путинді елге ресми сапармен қонаққа шақырды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.
Ақорда таратқан хабар бойынша, мемлекет басшылары екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өткен деседі. Сондай-ақ қалыптасқан сенімді байланыстар Қазақстан мен Ресейдің ортақ істе одан әрі жақындай түсуіне ықпал ететіні сөз болды.
Тоқаев Путинді 2020 жылы елімізге ресми сапармен келуге шақырды. Ел басшылары екіжақты және көпжақты форматтағы бірлескен жұмыстарды жалғастыра беруге уағдаласты. Сонымен қатар президенттер бірін-бірі келген жаңа жылмен құттықтаған.