Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдың Sinopharm компаниясының вакцинасын шұғыл қолдануды ұсынды. Бұл туралы бірлестік басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус брифингте мәлімдеді.
Телеарна мәліметінше, Қытай екпесі қауіпсіздік, тиімділік және сапа бойынша аталған ұйымның арнайы бағасын алған алтыншы препаратқа айналды.
Осының алдында бұл тізімге америкалық «Модерна» компаниясының вакцинасы енгізілген еді. «Глоубал Таймс-тың» хабарлауынша, Қытай препараты әлемнің 45 елінде мақұлданған. Бұл екпенің тиімділігі клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінде 2 дозасы салынғаннан кейін 78 процентті көрсеткен. Кері әсер ретінде адамның ине салынған тұсы мен басы ауырған және қалжырау байқалған.
Еуропалық одақ дамыған елдерді коронавирусқа қарсы вакциналарын басқа мемлекеттерге экспорттауға шақырды. Бұл туралы Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді. Ол екпелерге қатыс зияткерлік меншікке салынған уақытша тыйым вакцина тапшылығын шешпейтінін жеткізді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемде 800 миллионнан астам екпенің 80 проценттен астамы кірісі жоғары және орташа елдерге тиесілі.