Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстанға барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.
«Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон шағын және кеңейтілген құрамда екіжақты келіссөздер өткізеді. Онда саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайта отырып, қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігін дамытуға басымдық берілмек.
Келіссөздер барысында өңірлік кооперацияны жандандыру, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше мән беріледі», - деп жазды Берік Уәли.