Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды.
Құжатқа Анкарада 2018 жылғы 13 қыркүйекте қол қойылған. Оның басты мақсаты - елдер арасындағы теңдік және өзара тиімділік қағидаларына негізделген ұзақ мерзімді әскери ынтымақтастықты одан әрі дамыту.
Келісімде әскери дайындық және жаттығу, бірлескен жаттығулар өткізу, картография, гидрография, геодезиялық қолдау, әскери мүліктің әуе кеңістігі арқылы транзиті, медициналық көмек, юрисдикция, сондай-ақ бұрын қарастырылмаған басқа да мәселелерді қоса алғанда, ынтымақтастық салалары қарастырылған.