Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қарулы қақтығыс болды. Баткен ауданының Көк-Таш ауылында оқ атылған. Жергілікті тұрғындар тәжік сарбаздарынан су тарататын бекетте орнатылған бейнебақылау камерасын алып тастауды талап еткен. Бірақ екі жақ ортақ шешімге алмай, бір-бірін тілдеп, тас лақтыра бастаған.
Кейін куәгерлердің айтуынша,бұл даудың соңы атысқа ұласқан. 2 Тәжікстан азаматы, Қарғызстанның 4 азаматы жарақат алған. Барлығы бейбіт тұрғындар. Қақтығыс әлі тоқтаған жоқ.
Айта кетейік, Бішкекте Баткен ауылының халқын қолдаған шеру өтіп жатыр. Ереуілшілер президент, премьер-министр және Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасын кездесуге шақыруда.
Сурет: atoapiwag.ru