Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғанның Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) бейресми саммитіне қатысу үшін 30-31 наурыздағы Қазақстанға жұмыс сапары тоқтатылды. Ердоған саммитке бейнеконференция арқылы қатысады.
Еске салайық, бұған дейін Ердоған Қазақстанға 31 наурызда Түркістанда өтетін Түркі кеңесінің бейресми саммитіне қатысу үшін келеді деп хабарланған болатын.
«Біздің президенттің 30-31 наурызға жоспарланған Қазақстанға сапары тоқтатылды; ол Түркі кеңесінің бейресми саммитіне бейнеконференция арқылы қатысады», - делінген хабарламада.