Әңгіме барысында тараптар алда келе жатқан көктемгі жаңғыру - Наурыз мейрамына байланысты жылы лебіздерін білдіріп, дәстүрлі түрде стратегиялық серіктестік, тату көршілік және екі бауырлас халықтардың достығы рухында дамып келе жатқан Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қатынастардың деңгейіне жоғары баға берді.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев аймақтық күн тәртібінің ағымдағы аспектілерін, сондай-ақ алдағы халықаралық іс-шаралар кестесін талқылады.
Фото:elbasy.kz