Америкалық миллиардер Илон Маск Ресей президенті Владимир Путиннің Twitter-дегі парақшасындағы ресми аккаунтына екі тілде жүгініп, оны Clubhouse әлеуметтік желісінде сөйлесуге шақырды.
"Менімен Clubhouse-та әңгімелесуге қалай қарайсыз?", - деп жазды Маск Twitter-парақшасында, бұл жазбасында ол Ресей басшысының ағылшын тіліндегі аккаунтын (@KremlinRussia_E) белгіледі.
Кейін Маск Путинге орысша жазып, "сөйлесу үлкен мәртебе" болатынын мәлімдеді.