Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық авария жағдайында немесе радиациялық авария жағдайында дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялады.
«Мемлекет басшысы "ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», - делінген хабарламада.
Келісімді әзірлеу 2016 жылдың 18 наурызындағы ТМД мемлекеттерінің атом энергиясын бейбіт мақсаттарда пайдалану бойынша ядролық және радиациялық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарында көзделген.
Келісімге Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы қатысты.