Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) өз сайтында Nipah немесе NiV вирусына байланысты жаңа пандемия болуы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Газеты.Ru жариялаған мақалада айтылған.
Вирус ең алғаш рет 1999 жылы Малайзияда Нипах өзенінде тұратын шошқа фермерлерінің арасында анықталды. Инфекция ауру шошқалармен байланыс нәтижесінде адамдарға жұққан. Ал олар вирусты құрма жегеннен кейін жұқтырған. Құрма бетінде вирустың табиғи тасымалдаушылары саналатын жарқанаттардың зәрі қалған болуы мүмкін.
Nipah, коронавирус сияқты, әр түрлі формада болады - симптомсыз аурудан энцефалитке дейін. Инкубациялық кезең төрт күннен 45 күнге дейін.
Алғашқы белгілер тұмауға ұқсайды: адамның денесі қызады, бас және бұлшықет ауыруы, құсу және тамақ ауруы. Кейіннен бас айналу, ал кейбір жағдайда дәрігерлер пневмония мен жедел тыныс алу жетіспеушілігін жазады. Ерекше ауыр жағдайларда энцефалит және конвульсия дамиды, бұл екі-үш күннен кейін комаға жеткізеді.