Америка Құрама Штаттары мен Қытай Халық Республикасы өзара сауда-саттық келісімін қайта жаңғыртпақ. Бұл ақпарды шетелдегі іргелі басылымдардың бірі - "Блумберг" агенттігі жариялаған.
Агенттіктің мәліметіне арқа сүйесек, қазір келіссөз тек Трамптың келісімн күтіп тұр екен. Егер Трамп қайта жаңғырған келісімшартқа қол қойса, екі алыптың арасындағы алыс-беріс жолға қойылмақ.
"Келіссөздер жүргізу барысында негізгі мәселелер бойынша қос тарап тіл табысты. Қазір құжат Трамптың қол қоюын ғана күтіп тұр", - деп жазылған дереккөзде.
Егер аталмыш құжат күшіне енсе, 15-желтоқсанға жоспарланған АҚШ-тың Қытайға қарсы қолданғалы отырған санкциясы жойылады-мыс. Біршама уақыт бұрын АҚШ әкімшілігі бұл санкцияны енгізбеу үшін ҚХР келісімге келу мақсатында бар қуатын салады деген-ді.