Пайдаланушылар Facebook-пен жеке мәліметтерді бөлісуді көздеп отырған WhatsApp-ты алмастыру мақсатында Signal және Telegram-ды жаппай орнатып жатыр. Үш тәулікте Telegram-ға 25 миллион адам қосылды. Бұл туралы мессенджердің негізін қалаушылардың бірі Павел Дуров мәлімдеді.
Sensor Tower мәліметінше, 6-10 қаңтар аралығында App Store және Google Play арқылы дүние жүзі бойынша 7,5 миллион адам Signal-ды жүктеген. Бұл кейінгі аптамен салыстырғанда 43 есе көп және рекорд болып отыр. Telegram сәрсенбіден жексенбіге дейін 5,6 миллион рет жүктелді, деп келтірді деректерді Apptopia. Мессенджер АҚШ-та жүктелуі бойынша екінші орынға шықты. Ол жақта 6 қаңтардан бастап 545 мыңға жуық жүктеу болған.
Дональд Трамптың Twitter желісіндегі аккаунты бұғатталғаннан кейін, сондай-ақ оның жақтастары пайдаланатын Parler әлеуметтік желісі App Store және Google Play-ден жойылғаннан кейін Telegram кеңінен таралып кетті.