Украинадағы тәуелсіз сайт неге жабылды?
«Украина дұшпандарының» тізімін құрумен белгілі және Ресей Федерациясында тыйым салынған "Бітімгершілік" (Миротворца) веб-сайты өзінің жабылғанын хабарлады.
Сайт «объективті жағдайларға» байланысты, яғни, «содырлар мен ресейлік жалдамалылардың көңілінен шығу үшін» жабылды деп хабарланған.
Сайт серверлері және оның бөлімдері, желідегі парақшалары жұмысын тоқтатты. Ақпарат құралының толық ресурсы кей пайдаланушыларға қол жетімді болады. Орталықтың басқа жобалары әдеттегідей жұмыс істейді.
2019 жылдың күзінде БҰҰ-ның бақылау комиссиясы украин билігін радикалдар «Донбасс лаңкестерінің серіктестері» деп санаған адамдардың жеке деректерін жариялауына байланысты сайтты жабуға шақырды. Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский «Бітімгерді» жабу туралы бастама көтермейтінін айтқан болатын.
Сайт бірнеше жыл бұрын, сайт журналисті Олес Бузин радикалдар қастандығының құрбаны болған кезде танымал болды.