Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Elbasy.kz. Президенттер бір-бірін Жаңа жылмен құттықтады.
"Тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көптарапты стратегиялық ынтымақтастықтың, сондай-ақ екі ел халықтарының достық пен тату көршілік қатынастарының деңгейі жоғары екенін атап өтті.
Тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Қазақстан-Тәжікстан қатынастары достық, өзара сенім мен стратегиялық серіктестік рухында одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді", - делінген хабарламада.