Ғалымдар жарғанаттардан адамдарға жұғатын Нипах вирусының қаупі туралы ескертті.
Нипах - жыл сайын дамып келе жатқан зооноздық ауру. Үндістанның тығыз қоныстанған аймақтарында көп байқалады. Әдетте вирус жануардың сілекейімен ластанған жемістерді жеген адамдарға жұғады. Сонымен бірге, қазіргі уақытта вирусты емдейтін дәрі немесе вакцина жоқ.
«Егер бұл вируспен уақытында күреспесек, өлімге әкелетін ауру жер бетіне кең таралуы мүмкін», - деді зерттеу жетекшісі доктор Джонатан Эпштейн.