АҚШ-тағы Президент сайлауында жеңімпаз анықталды
Америка Құрама Штаттарындағы Президент сайлауында жеңіске демократтар көшбасшысы Джозеф Байден жетті деген ақпарат тарауда. Бұл хабарға Fox News, CNN, NBC және AP сияқты ірі ақпарат құралдары дереккөз болып отыр. Олардың мәліметінше, Байден Президент болуға қажетті 270 дауысты жинапты.Бұл ақпараттың тарауына Пенсильвания штатындағы 31 мың дауыс артықшылығымен Байденнің жеңіске жетуі себеп болған сияқты. Дегенмен, Пенсильвания мен басқа штаттардағы дауыс санау процесі ресми түрде аяқталған жоқ. АҚШ-тағы Президент сайлауы 3-қарашада өтті. Негізгі партиялардан праймериз арқылы екі кандидат тіркелген: бірі АҚШ-тың Республикалық партиясынан Дональд Трамп, екіншісі Демократилық партия атынан Джо Байден.