Ресейлік БАҚ Ресейдің Саратов облысында қазақ және күрд диаспоралары арасында жаппай қақтығыс болғанын хабарлады.
Саратов облысының Дергачевский ауданындағы жаппай қақтығыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жазады.
Қазір төбелестің нақты неден болғаны белгісіз.
Әскерге алты жігіт шақырылған: күрдтер, қазақтар мен орыстар. Олар бірдеңені бөлісе алмай қалды. Уақытында келген полиция қызметкерлері жанжалға араласып, тәртіпке шақырды, деп хабарлады құқық қорғау органдарындағы дереккөз.
Алайда, 24 қазан күні болжам бойынша, Тимонин ауылының маңында таяқ, тас және бөтелкелермен қаруланған 100-ден 300-ге дейін адам жаппай төбелесіп кете жаздаған. Полиция мен ОМОН жанжалды тоқтатты.
Енді ресми пікірлердің жоқтығынан ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары екі диаспора арасындағы жанжалдың не себеп болғанын анықтауға тырысуда.
Сонымен, қазақ диаспорасының пікірі бойынша күрдтер шақыру пунктінде қазақ жігітті ұрып жіберген, бұл қақтығыстың әрі қарай жалғасуына себеп болған. Ал Саратовтағы күрдтердің ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Якуб Хамидов екі БАҚ-қа әр түрлі нұсқаларын айтты. Ол 4B порталына «кішігірім тұрмыстық жанжал аясында мұндай жағдай орын алды. Қазір ол жерде бәрі тыныш» деді.
Саратов облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының басшысы Айдос Арстанов әзірге нақты ештеңе айта алмайтынын айтты.
Күрдтер кешірім сұраған сияқты және барлығы келісімге келген, - деді Арстанов.