Бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақстанның Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев түрік әріптесі Хулуси Акармен кездесті. Кездесу барысында өңірлік қауіпсіздік, әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық, соның ішінде кадрлар даярлау және әскери білім беру, жауынгерлік даярлық, оқу-жаттығуларға қатысу мәселелері талқыланды.
Естеріңізге салайық, 2018 жылдың қыркүйегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Анкараға ресми сапары барысында бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға, соның ішінде әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Түрік Қарулы күштері мен бас штабы алғашқылардың бірі болып Қазақстанның Қарулы күштеріне олардың қалыптасуы мен дамуының бастапқы кезеңінде жан-жақты қолдау көрсетті.
Түркия 1990-шы және 2000-шы жылдардың басында ұйымдастыру техникасын, картографиялық жабдықтарды, байланыс құралдарын, жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобильдерді қоса алғанда, қазақстандық Қарулы күштер үшін өтеусіз негізде әскери мүлік жеткізді.
Бұдан әрі тараптар көпмақсатты жеңіл броньдалған автомобильдерді, оптикалық-электрондық құралдарды жеткізу және бірлесіп өндіру жолымен өзара тиімді өзара іс-қимылға көшті.
Қазақстандық әскери қызметшілердің Түркия аумағында қысқы кезеңде төмен температуралар кезінде өткізілетін «Эфес» көпұлтты оқу-жаттығуына және «Кыш» оқу-жаттығуына қатысуы жауынгерлік даярлық деңгейін арттыруға, сондай-ақ әртүрлі жағдайларда жауынгерлік іс-қимылдар дағдыларын пысықтауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Ведомства басшысы Нұрлан Ермекбаев Түркия Қорғаныс министрінің Қазақстанға сапарының қорытындылары әскери және әскери-техникалық саладағы екіжақты өзара іс-қимылға жаңа серпін беретінін және қауіпсіздік мүдделеріне қызмет ететінін атап өтті.