24.10.1945, 75 жыл бұрын БҰҰ құрылды. Бұл жаһандық институт қырғи қабақ соғыс кезінде және жалпы турбуленттік дәуірде өзінің тиімділігін көрсетті, сондықтан оның баламасы жоқ. Қазақстан БҰҰ Жарғысының қағидаларына және әмбебап ұйымның ұзақ мерзімді мақсаттарына адал болып қала береді, деп жазды Президент өзінің Twitter парақшасында.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның 75 жылдығына орай БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерришке құттықтау жеделхатын жолдады.