Түркия түркітілдес елдерді Таулы Қарабақ үшін таласта Әзірбайжанға қолдау көрсетуге шақырды. Бұл туралы Түркия сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоглу мәлімдеді.
«Түркітілдес елдер Әзірбайжанға қолдау көрсетулері керек. Анкара тарихи жер үшін әділ күресте әрдайым Баку жағында болған және болып қала береді», - деді ол.
Таулы Қарабахтағы ұрыс 27 қыркүйекте басталды. 10 қазанда Армения мен Әзірбайжан Мәскеуде сыртқы істер министрлері арасындағы келіссөздерден кейін бітімге қол қойған. Көп ұзамай атысты тоқтату режимі бұзылды. Бейсенбі, 15 қазанда Әзірбайжан президенті Ильхам Алиев Қарабақтағы арнайы операцияның жалғасатынын хабарлады.
«Арменияның Әзербайжанға қарсы жасаған соңғы арандатушылықтары бұл жағдайды тағы да растады. Армения Әзірбайжан жеріне шабуыл жасап жатыр. Өкінішке орай, бірқатар елдер Әзірбайжан мен оккупант Арменияны бірдей масштабта орналастыруға тырысуда. Бұл елдер БҰҰ мен ЕҚЫҰ шешімдерін елемейді. Сондықтан Әзірбайжанмен ынтымақтастық бұрынғыдан да маңызды», - деп атап өтті Чавушоглу.