Түркия Қырымның заңсыз аннексиясын мойындамайды. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Стамбулда украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен болған келіссөздерден кейін айтты.
«Түркия Украинаның аумақтық тұтастығын, оның ішінде Қырымды, сондай-ақ елдің саяси бірлігін қолдайды», - деді түрік көшбасшысы.
Ол Түркияның Украинаны аймақтағы тұрақтылық, бейбітшілік, қауіпсіздік пен өркендеуді қамтамасыз ету тұрғысынан шешуші ел деп санайтынын баса айтты.
Тараптар «Қырымды және Севастополь қаласын оккупациядан шығаруға, сондай-ақ Украинаның Донецк және Луганск облыстарының жекелеген аудандарына бақылауды қалпына келтіруге бағытталған күш-жігерді жалғастыру туралы» келісті.
Түркия Украинаның НАТО-ға мүше болу перспективасын да қолдады.
Өз кезегінде Ресей Мемлекеттік Думасы халықаралық істер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Чепа Ердоғанның Украинаның, оның ішінде Қырымның аумақтық тұтастығын қолдау туралы мәлімдемелері оның Ресейдің серіктесі ретіндегі «сенімділігін» көрсетеді деп санайды.
«Ердоғанның бұл ұстанымы бізбен қарым-қатынаста өз абыройын көтеру үшін қажет. Бұл бізге ешқандай қауіп төндірмейді. Біз оның кім екенін білеміз», - деді Чепа.