Ел үкіметі Төтенше жағдай мен шұғыл шаралардың қолданылуының мақсатын тәртіп сақтау мен бейбітшілікті қалпына келтіру үшін деп түсіндіруде.
Таиландта енгізілген Төтенше жағдайдың ерекшелігі – митингіге шығуға және бұқаралық ақпарат құралдарында бұл тақырыпта ақпарат таратуға тыйым салу.
Бангкок қаласында митингіге шыққан азаматтар корольдік кортедің жолын бөгеп, жаппай қоғамдық тәртіпсіздіктер мен хаосқа алып келетін жағдайды ушықтырған.
Төтенше жағдай көшеде төрт адамнан артық жиналуға және БАҚ жұмысына шектеу қойған. Биліктің пікірінше, кез келген ақпарат халықтың үрейін туғызып, ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін әрекеттер орын алуы ықтимал. Төтенше жағдай енгізілгеннен кейін арнайы жасақ Үкімет үйі алдындағы бас көтерген халықты таратты.
Таиландтағы митингілер шілдеден бері жалғасуда. Дені студенттерден тұратын қозғалыс өкілдері премьер-министр Прают Чан-Очаның отставкасын талап етуде.