Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамп 3-қараша күні өтетін президенттік сайлауда жеңіліп қалған жағдайда билікті бейбіт түрде беруге дайын екенін мәлімдеді.
Ақ үй басшысы Майамиде сайлауалды шараларды өткізгенн. Оны көрсеткен NBC телеарнасының жүргізушісі Саванна Гутри Трамптан жеңілген жағдайда биліктің бейбіт түрде ауысуына кепілдік беретіні туралы сұрады.
«Менің қалауым – биліктің бейбіт түрде ауысуы. Сонымен қатар сайлаудың таза өткенін де қалаймын. Негізі, мен билікті тапсыруды емес, жеңуді қалаймын», - деді ол.
Қыркүйек айының соңында дәл осындай сұраққа жауап берген Трамп Байден жеңіске жетсе бейбіт билік ауысуына кепілдік бере алмайтынын, өйткені сайлауда фальсификация болуы мүмкін екенін айтқан.
«Не болатынын көреміз. Сіздер менің дауыс беруге көңілім толмайтынын білесіздер. Дауыс беруден бас тартыңыздар, сонда бәрі бейбіт түрде өтеді. Шынымды айтсам, билік ауыспайды, жалғасады», - деген ол.
АҚШ президенттігіне үміткерлердің соңғы теледебаты 22-қазанға жоспарланған.