ELIMIZDIN’ BASSHYSY EKI KUNDIK SAPARMEN QYTAIG’A BARDY
ҚАСЫМ-ЖОМАР ҚЫТАЙДА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҒАНА СӨЙЛЕЙДІ.
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиұлы ФБ парақшасында солай жазды:
"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына басталған мемлекеттік сапары аясындағы жоспарланған кездесулердің барлығында баяндамасын қазақ тілінде жасауда.
Атап айтсақ, Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуында сөйлеген сөзін, сондай-ақ, ҚХР іскер топтарының өкілдерімен кездесуіндегі сөзін және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясындағы баяндамасын толығымен мемлекеттік тілде жасады".
Ел басшысы әрі әлемге танымал мәмлегер бұдан арғы барлық шетел сапарында МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДЕ ҒАНА СӨЙЛЕЙДІ ДЕП ОЙЛАЙМЫЗ.
Бірер күн бұрын Қасым-Жомарт Кемелұлы ҚХР дің бірінші теле арнасына сұхбат берген. Тілшінің өтініші болар, сұхбат барысында қытай ироглифімен қол жазба қалдырды. Мәтінде "Ұлы қытай халқына жан-жақты табыс тілеймін" деп жазған. Таңданғанымыз: ол кісі ироглифті көркем әрі еркін жазады екен.
ҚАЗАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ ҚЫТАЙ ҚАРЖЫСЫНАН ҚАШЫҚ БОЛУДЫ ТАЛАП ЕТІП ЖАТҚАН ТҰСТА. ҚАСЫМ-ЖОМАРТ САПАРЫН ҚАДАҒАЛАП ОТЫРҒАН БАҚ өкілдерінің қатарында біз де бармыз. “bairaq.kz” порталына қараңыз. Бейжің қ. 11 қыркүйек 2019 ж.