АЛДЫҢҒЫ КҮНІ (05.09.2019) ҚХР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИТРІНІҢ ӨКІЛІ ГЫҢ ШУАҢ (Geng Shuang) ЖУРНАЛИСТЕР АЛДЫНА ШЫҒЫП, ЖУЫҚТА ҚЫТАЙҒА ҚАЗАҚ ПРЕЗИДЕНТІ ҚАСЫМ-ЖОМАРАТ ТОҚАЕВ КЕЛЕТІНІН, ОНЫҢ ҚАЗАҚ БАСШЫСЫ РЕТІНДЕГІ ТҰҢҒЫШ САПАРЫ ҚАЗАҚ ПЕН ҚЫТАЙ ҚАРЫМ -ҚАТЫНАСЫНА ЖАҢА ҚАРҚЫН БЕРЕДІ ДЕП КҮТІП ОТЫРҒАНЫН АЙТТЫ. ҚЫТАЙ БАСПА СӨЗІНЕ ШОЛУ ЖАСАҒАН ҚҰРМЕТ ҚАБЫЛҒАЗЫҰЛЫНЫҢ ХАБАРЫ:
5 Қыркүйек ҚХР СІМ баспасөз хатшысы кезекті брифрингте тілшінің тиісті сұрағына байланысты жауап берді: «ҚР мен ҚХР тату көрші және жалпы беттік стратегиялық әріптес, екі елдің байланысы жоғары деңгейде іске асуда. Қытай тарапы ҚР Президенті Тоқаевтың қытайға жасайтын алғашқы сапарына аса мән береді. Сапар барысында төраға Си Цзинпин мен президент Тоқаев келіссөздер өткізеді, келісімдерге қол қою рәсімі мен қарсы алу қонақасысына қатысады.
Қытай премьері Ли Кэцян және бүкіл қытайлық халық құрылтайының төрағасы Ли Цжаншулар да президент Тоқаевпен жеке-жеке кездеседі. Дағды бойынша ел басшылары жаңа дәуірдегі Қытай-Қазақ қатынасына жаңа екпін және тың мазмұн беретін маңызды саяси құжатқа қол қояды және оны жариялайды. Сапар барысында екі мемлекеттің қатысты ведомствалары бірқатар маңызды серіктестік құжаттарына қол қойысады, сондай-ақ сауда-экономикалық, гуманитарлық шараларға қатысады.
Қытай тарапы президент Тоқаевтың сапарына мол жетістіктер тілеп, сапардың Қытай-Қазақстан жалпы беттік стратегиялық әріптестік қатынасының дамуына жаңа күш үстеп, «бір белдеу, бір жол» серіктестігін ортақ құруды ілгерлетуде жаңа табыстарға жетуін қалайды».
Қасым - Жомарт ТОҚАЕВТІҢ ҚХР сапарында оның әр қадамын аңдаған "қытай тілді БАҚ қалай жазды" деп қарап отырамыз. Сіздер де бізбен бірге қадағалаңыздар.
Байрағыңды тік ұста!