Әзірбайжанның Қорғаныс министрлігі Армения әскерімен қақытығыс кезінде қарсы тараптың 550 әскері қаза тауып, көбі жараланғанын мәлімдеді.
«Таулы Қарабақтағы Талыш ауылы маңындағы қақтығыс кезінде армениялық әскердің шығыны 550 адамды құрайды. Мұның сыртында жараланғандар да бар», - деп мәлімдеді министрлік.
Барлаушылардың мәліметіне сүйенсек, операция күнінің соңына қарай 22 танк және бірнеше бронотехникалар, «ОСА» кешенді 15 зенитті-ракетасы, 18 ұшатын аппарат (БПЛА), 8 артиллериялық құрылғы жарылған. Сонымен қатар қару-жарақ сақтайтын 3 қойма жарамсыз етіліпті.
Әзірбайжан тарапының мәліметіне сүйенсек, Арменияның батальон командирі, подполковник Лерник Бабаянның қазасы туралы мәлімет таратуда. Подполковник басқарған жеке құрам қатты зардап шегіпті. Ал Армения жағы бұл ақпараттарды әлі растамады.