Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ.
«Бұл жаңа вирус болғандықтан оның қайта жұқтыру мүмкін бе, жоқ па, ол туралы айта алмаймыз. Бұл сұраққа ешқандай ел нақты жауап бере алмайды. Бұл коронавируспен ауырған адамдарды ұзақ уақыт бақылаудың арқасында дәлелденуі мүмкін.
Антиденелер сақтала ма, жоқ па соған да байланысты. Вируспен ауырған адамның жағдайы жақсарып, одан соң қайта нашарлаған кездер болған. Бірақ ол коронавирусты қайта жұқтыру емес», - деді ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқарма басшысы Роза Қожапова.