Адамзат пандемия дәуіріне өтті, дүниежүзін жаулап алған коронавирус алдағы індеттердің тек алғашқысы болуы мүмкін.
Бұл туралы америкалық ғалымдар – АҚШ-тың бас инфекционисі Энтони Фаучи мен эпидемиолог Дэвид Моренс мәлімдеді.
Cell журналындағы мақалада сарапшылар алдағы жылдары пандемияның қарқыны үдеуі мүмкін екенін болжаған. Ал аурудың тарауының негізгі себебі – ормандарды кесу, қалалардың көптігі мен жабайы жануарларды сату болуы мүмкін.
«Мен көріпкел емеспін, бірақ біз бақылап отырған жағдай пандемияның үдеп жатқанын аңғартады», - дейді Моренс.
Моренс пен Фаучидің сөзінше, адамдар эпидемияны төтенше жағдай енгізу арқылы емес, өмір сүру стилін өзгерту арқылы жеңе алады.
Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметінше, 5 қыркүйекте дүниежүзінде COVID-19 жұқтырғандардың саны 26 521 304-ке жеткен, қайтыс болғандардың саны – 873 249.