Bairaq.kz - Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры Индира Джолдубаева жемқорлық күдігімен үйқамаққа алынды. Ол - «қылмыстық топты басқарған Азиз Батукаевты қамаудан заңсыз босату ісі» бойынша күдікке ілінген. Қылмыскерді босатуға оның "айықпас дертке шалдыққаны туралы анықтама" себеп болған. Босаған БАТУКАЕВТЫҢ дені сау екен, шет ел асып кетіпті. Сол себепті АТАМБАЕВТЕН бастап, біраз кісі сыбайлас жемқорлық күдігіне ілінді. Қоралап қамап, қоясын құстырып жатыр. БОСАТЫП "ЖІБЕРУ, ШЕТЕЛГЕ КЕТУ" дегеннен басталады ғой.
Бізде - ҚОРҒАСТА МИЛИОНДАҒАН ДОЛЛАР ПАРАМЕН ҰСТАЛЫП, сонан соң ("айықпас дертке шалдықпай-ақ") босап кетеді. Еш қайда қашпай-ақ, қайтадан сол маңда қызметін жалғастырады. Соның салдарынан ҚОРҒАСТАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕ АЙМАҚТА бізге қарасты аумаққа КИІЗҮЙЛЕР тігіп қойған. Ал қарсы бетке қарасаң Манхеттен көшіп келгендей. Мемлекеттің ақшасын милиярдтап тонаған кісіні босатып, қашырып жіберіп сыртынан соттаймыз. Қашырып жібергендер (ұсталмай шетел асып кетуін ұйымдастырғандар) жайлы қандай да бір ақпарат жоқ. Егер бізде де, Индира ханым сияқтыларды індетіп іздесек. Биліктің маңы біраз жемқор ТҰЛҒАДАН тазарар еді-ау.