Украина Беларусь елімен қарым-қатынасын үзді. Бұл жайында Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, қазір екі елдің президенттері арасында ешқандай байланыс жоқ.
Сонымен қатар Кулеба қос президенттің енді қашан кездесіп, сөйлесетіні белгісіз екенін жеткізді. Қалай болғанда да Беларусьтегі жағдай тұрақталып, Украинаның абыройына нұқсан келмейтіндей ахуал орнамайынша елдер арасындағы қарым-қатынас жанданбайды екен.