Өткен жексенбіде, 16 тамыз күні Калифорниядағы Өлім алқабында 54,4 градус (Фаренгейт-130 градус) температура тіркелді, бұл планетада бұрын-соңды болмаған ең жоғары температура.
Жаңа рекорд растау үшін халықаралық мамандар тобы жиналады.
Аризона университетінің профессоры Рэндолл Червенидің айтуынша, АҚШ-тағы Өлім алқабындағы рекордтық температура - ғаламшардағы жаһандық жылынудың жалпы тенденциясының бөлігі.
«Бұл өте маңызды. Егер Өлім алқабындағы температура 2020 жылғы 16 тамызда 54,4 градусқа жеткен болса, бұл планетадағы температураның үшінші рекорды болады», - деді американдық метеоролог.