АҚШ Конгресі Беларуссиядағы сайлаудың жалған екенін жариялады.
АҚШ Палатасының сыртқы байланыстар жөніндегі комитетінің төрағасы Элиот Энгел және комитеттің республикалық жетекшісі Майкл Маккол атап өткендей, бұл жағдай АҚШ-ты алаңдатады.
«Беларуссия билігі бейбіт демонстранттарды, демократиялық белсенділер мен журналистерді әскери формада да, азаматтық киімде де қатыгез тұтқындауы, күш көрсетуі бізді қатты алаңдатады. Басынан бастап жалған өткізілген сайлаулардың орнына Беларуссия халқы өз басшысын сайлауға, сондай-ақ өз құқықтарын қорқыныш пен зорлық-зомбылықсыз жүзеге асыруға лайықты», - деді Энгель мен Маккол мәлімдемесінде.
Олар президент Александр Лукашенконы «мағынасыз зорлық-зомбылық әрекеттерін» тоқтатуға шақырды.