Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенконы сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
«Сіздің кандидатураңызға дауыс бере отырып, Беларусь халқы экономикалық реформалар саясатын жалғастыру, халықтың әлеуметтік әл-ауқатының артуы және Беларусь Республикасының халықаралық беделінің нығаюы жолында өздерінің таңдауын тағы да растады.
Достық пен өзара құрмет дәстүріне негізделген Қазақстан-Беларусь стратегиялық серіктестігін дамытуға сіздің жеке үлесіңізді ерекше атап өткім келеді. Сонымен бірге, Қазақстан Беларуссиямен екіжақты форматта да, Еуразиялық экономикалық одақ аясында да байланыстарды одан әрі кеңейтуге және тереңдетуге ұмтылады.
Мен сенім мен өзара түсіністікке негізделген достығымызды жоғары бағалаймын. Біздің алдыңғы жылдардағы бірлескен жұмысымыз әрі қарай да екі елдің халықтарының игілігі үшін жан-жақты ынтымақтастықты дамыту үшін негіз бола алатынына сенімдімін», - делінген жеделхатта.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев, Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин және Ресей президенті Владимир Путин Лукашенконы қайта сайлануымен құттықтады.
Ал Украинаның жетекшісі Владимир Зеленский белорустарды тәртіпсіздіктерден аулақ болуға және жалпыға ортақ демократиялық нормаларды ұстануға шақырды.